Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 18 сәуірдегі № 596 қаулысы
(2005.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 6 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 7 маусымындағы Заңына және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесі бекітілсін.
2. Қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдар өздерінің бұрын қабылдаған нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. "Білім беру мекемелерінің білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия беру тәртібін, білім беру мекемелерін бітіргені және білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары туралы құжаттарды беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі № 1174 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 39, № 368-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 18 сәуірдегі
№ 596 қаулысымен бекітілген
Білім беру қызметін лицензиялаудың
ережесі
1. Жалпы ережелер
2. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі
3. Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары
4. Лицензияны кері қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2005.20.12. № 1253 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Заңды тұлғалардың білім беру қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан лицензиялануға тиіс.