“Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру
туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының
2005 жылғы 4 наурыздағы № 70-НҚ Бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 30 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 15) тармақшасына және 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесі бекітілсін.
2. "Табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 4 мамырдағы № 121-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2325 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте 2003 жылғы 14 маусымда № 24 (129)" жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М. Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;