«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы «Семей ядролық
сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен
азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір
мәселелері туралы» № 110 қаулысын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Алматы қаласы Әкімінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 47 шешімі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекетгік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» № 110 қаулысын іске асыру мақсатында, Алматы қаласының әкімі шешім қабылдады:
1. Алматы қаласы бойынша, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмысты үйлестіру комиссияның құрамы бекітілсін, қосымшаға сәйкес.
2. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін, Алматы қаласының аудан әкімдері арнайы комиссиялар құрсын, құжаттардың көшірмесі мен түпнұсқаның сәйкестігін куәландыратын комиссияның уәкілетті мүшесі белгіленсін.