Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 ж. 27 қазандағы № 382 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 25 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін (осы қаулыға 1-қосымша).
2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және филиалдарына жіберсін.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Эмиссиялық бағалы қағаздардың
мемлекеттік тізілімін жүргізу
ережесін бекіту туралы"
2003 жылғы 27 қазандағы
№ 382 қаулысына
1-қосымша
Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік