“Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республикада зияткерлiк әлеуеттi, жаңа білімдердi генерациялауды, таратуды және коммерциялауды тиiмдi пайдалану негiзiнде елдiң бәсекеге қабiлеттi экономикасын тұрақты дамытуға арналған жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Yкіметіне жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-күнiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Қазақстан Республикасының Премьер-министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 25 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық
жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөніндегі
2005-2015 жылдарға арналған
бағдарлама
Астана, 2005 жыл
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Қазақстанның инновациялық дамуының қазіргі жай-күйi мен
проблемаларын талдау
3.1. Әлемдiк экономиканың инновациялық даму үрдiстерi
3.2. Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
3.2.1. Ғылыми-техникалық қызметтiң жай-күйi мен оны iске
асыру тетіктері
3.2.2. Инновациялық кәсіпкерлiк
3.2.3. Инновациялық инфрақұрылым
3.2.4. Қаржылық инфрақұрылым
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi