Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 22 мамырдағы № 143-III Қазақстан Республикасының Заңы

Информация о документе
Датапонедельник, 22 мая 2006
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 22 мая 2006

Қазақстан Республикасының
Заңы

 

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

1-бап. «Қазакстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Дипломатиялық қызметтің қызметкерлері — дипломатиялық қызмет органдарында штаттық дипломатиялық лауазымдарды атқаратын, әдетте, дипломаттық дәрежесі бар және лауазымдық өкілеттіктері мен міндеттерін дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Шет елдердегі мекемелер — Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері.»;

2) 8-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыска енгізілді

3) 9-баптың 1-тармағы «жоғары білімі бар,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік тіл мен орыс тілін еркін меңгерген және» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 15-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Дипломатиялық қызметке алғаш тұрған - адамдар сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істегеніне бір жыл өткеннен кейін ғана, олардың кәсіби,білімі мен тіл білуі ескеріле отырып, шет елдердегі мекемелерге жұмысқа жіберілуі мүмкін.

Шет елдердегі мекемелердегі жұмыс арасындағы кезеңде дипломатиялық қызмет персоналының Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеу мерзімі кемінде екі жылды құрауға тиіс.»;

4-тармақта:

бірінші бөліктегі «жұмыскерлерінің» деген сөз «персоналының» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші бөлік « , бірақ ол бір жылдан аспауға тиіс» деген сөздермен толыктырылсын.

2-бап. Осы Зан, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыска енгізілетін 1-бабының 3) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданыска енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы мамырдың 22-сі.

 №143-III  ҚРЗ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом