Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы № 405 Қаулысы (2014.23.09. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 16 мая 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 16 мая 2006
Дата последнего измененияпонедельник, 20 октября 2014

Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы № 405 Қаулысы
(2014.23.09. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2006 жылғы 16 мамырдағы

№ 405 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар

 

1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Алматы қаласы» деген бөлімде:

реттік нөмірі 92-жолдың 3-бағанындағы «ЖҮАҚ» деген аббревиатура «АҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

реттік нөмірлері 123-27 және 123-29-жолдар алынып тасталсын;

реттік нөмірі 123-33-жолдың 3-бағанындағы «ЖАҚ» деген аббревиатура «ЖШС» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 123-102, 123-103 және 123-104-жолдармен толықтырылсын:

«123-102. «Көркемсурет көрмелері және аукциондар дирекциясы»

ЖШС

123-103. «Мәдени саясат және өнертану институты» ЖШС

123-104. «Көшпелілердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС.»;

«Қарағанды облысы» деген бөлімде:

реттік нөмірі 214-2-жолдың 3-бағанындағы «ААҚ» деген аббревиатура «АҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.

4. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті» деген бөлімде:

тақырыбындағы», ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 224-6-жолдың 3-бағанындағы «ЖАҚ» деген аббревиатура «ЖШС» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 224-7-жолдың 3-бағанындағы «ААҚ» деген аббревиатура «АҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 224-19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«224-19 «Қазақстан телекоммуникациясы» АҚ»;

реттік нөмірі 224-25-жол алынып тасталсын;

«Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті» деген бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi

224-26 «Қазақ әуендері» АҚ

224-27 «Көркемсурет көрмелері және аукциондар дирекциясы» ЖШС

224-28 «Көшпелілердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

224-29 «Мәдени саясат және өнертану институты» ЖШС».

5. ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1003 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тіл комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 6, 53-құжат):

тақырыбындағы және 1-тармақтағы», ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Тіл комитеті туралы ережеде:

тақырыбындағы және мәтіндегі», ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Тіл комитетінің құрылымында:

тақырыбындағы», ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Тіл комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

тақырыбындағы», ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом