Арнайы салық режимі бойынша төлемдер ставкасын бекіту туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-15 шешімі
(2006.25.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Алматы облыстық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 35-211 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 6-бабы негізінде және 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» № 209-11 Кодексінің 373 бабындағы 2 тармаққа сәйкес:
- бір жолғы талондар негізінде;
- кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бойынша арнайы салық режимі бойынша тиісті төлемдер мөлшерін белгілеу мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
1. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін арнайы салық режимі бойынша төмендегідей төлемдер мөлшері бекітілсін:
- 1, 2 қосымшаларға сәйкес, бір жолғы талондар негізінде;
- 3 қосымшаға сәйкес, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бойынша.
2. Облыстық мәслихаттың:
1) Алматы облысының әділет басқармасында 2002 ж. 18 қаңтарында 563 нөмірімен тіркелген 2001 жылғы 26 желтоқсандағы «Арнайы салық режимі бойынша мөлшері туралы» № 17-113;
2) Алматы облысының әділет басқармасында 2003 ж. 19 қаңтарда 983 нөмірімен тіркелген Алматы облыстық мәслихатының 2001 жылғы 26 желтоқсандағы «Арнайы салық режимі бойынша мөлшері туралы» № 31-165 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 31-165 шешімдерінің күші жойылды деп есептелсін.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат
Хатшысы
«Алматы облыстық Мәслихатының
2003 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 3-15 «Арнайы салық режимі
бойынша төлемдер ставкасын
бекіту туралы» шешіміне
1 қосымша
Алматы облыстық Мәслихатының 2006.25.04. № 27-195 шешімімен 1-қосымша жаңа редакцияда
Қызметті бір күн ішінде жүзеге асыру үшін дүркін-дүркіндік
сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша біржолғы
талондар ставкасының құны (автомобиль көлігін айдап келу
бойынша қызмет көрсетуден басқа)
(теңгемен)