Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 5/823 Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік нысандарын (мүлкін) мүліктік жалға беру (аренда) Ережелерін бекіту туралы қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 2/561 қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 2/296 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабына сәйкес және коммуналдық меншікті тиімді басқару және иелік ету мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік нысандарын (мүлкін) мүліктік жалға беру (аренда) Ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 5/823 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2006 жылғы 24 қаңтарда № 693 болып тіркелді, «Вечерний Алматы» 2006 жылғы 14 ақпанда № 29-30, «Алматы ақшамы» 2006 жылғы 14 ақпанда № 17 газеттерінде жарияланды):
Көрсетілген қаулымен бекітілген, Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық меншік (мүлік) нысандарын мүліктік жалға беру (аренда) тәртібі туралы Ережеде: