«12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жөніндегі іс-шаралар
жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі
№ 681 Қаулысы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 19 шілдедегі
№ 681 қаулысымен
Бекітілген
12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
| Р/с № № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Жауаптылар | Орындаумерзімі | Болжамды шығыстар (млн. теңге) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 1. Нормативтік құқықтық актілердің қолданыстағыларын жетілдіру және жаңаларын әзірлеу |
| 1. | Оқушыларды бейіналды дайындау және жоғарғы сынып оқушыларын бейінді оқыту тұжырымдамасын әзірлеу | Алқа қаулысы | БҒМ | 2006 жылғы IVтоқсан | Талап етілмейді |
| 2. | 12 жылдық мектептің бірінші сыныбына балаларды қабылдау ережесін әзірлеу және бекіту | Бұйрық | БҒМ | 2007 жылғы IIтоқсан | Талап етілмейді |
| 3. | Кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдаудың үлгі ережесін әзірлеу және бекіту | Бұйрық | БҒМ | 2008 жылғы І тоқсан | Талап етілмейді |
| 4. | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, жалпы орта және қосымша білім беру жүйелерінің педагогикалық қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына (ҚР БҒМ 2002 жылғы 27 тамыздағы № 629 бұйрығы) өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Бұйрық | БҒМ | 2008 жылғы І тоқсан | Талап етілмейді |
| 2. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету |
| 5. | Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту | Бұйрық | БҒМ | 2006 жылғы ІІІ тоқсан | Талап етілмейді |
| 6. | Негізгі мектеп оқушыларын бейіналды дайындауды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту | Бұйрық | БҒМ | 2006 жылғы ІV тоқсан | Талап етілмейді |
| 7. | Жоғарғы мектепте, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту | Бұйрық | БҒМ | 2006 жылғы ІV тоқсан | Талап етілмейді |
| 8. | Қолданбалы-ғылыми зерттеулерді жүргізу: мектепке дейінгі тәрбие мен 12 жылдық мектептің бастапқы сатысының сабақтастығының психологиялық-педагогикалық негіздерін әзірлеу; 12 жылдық мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыру бағдарламасын әзірлеу; 12 жылдық мектептегі оқытудың педагогикалық технологиялары бойынша»"Мұғалім портфелі"»материалдар пакетін әзірлеу мен бекіту; 12 жылдық оқыту жағдайында білім беру ұйымдарында әдістемелік қызметтің моделін әзірлеу | Бұйрық | БҒМ | 2007 - 2008 жылдар | РБК шешімі |
| 9. | Даму мүмкіндігі шектеулі мектеп жасындағы балалар, олардың ерекше қажеттіліктері және көрсетілген қолдау туралы деректер банкін құру | Деректер банкі | БҒМ ОблБД(Б), Астана, Алматы қалаларының БД | 2007 - 2008 жылдар | Талап етілмейді |
| 10. | Инновациялық педагогикалық идеялар мен технологиялардың деректер банкін құру | Деректер банкі | БҒМ | 2007 жылғы ІІІ тоқсан | Талап етілмейді |
| 3. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету |
| 11. | 12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында бейіндік оқытуды енгізу жөнінде эксперименталдық алаңдарды ұйымдастыру туралы ұсынысты РБК-нің қарауына енгізу | Бюджеттік өтінім | БҒМ | 2006 жылғы ІІ тоқсан | РБК шешімі |
| 12. | Мектеп кітапханалары үшін автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйені әзірлеу және қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды РБК-нің қарауына енгізу | Бюджеттік өтінім | БҒМ | 2006 жылғы ІІ тоқсан | РБК шешімі |
| 13. | Бейіндік білім беруді ұйымдастыру мақсатында бейіндік мектептерді, мектеп-интернаттарды, ресурстық орталықтарды салу және ашу жөніндегі ұсыныстарды РБК-нің қарауына енгізу | Бюджеттік өтінім | БҒМ | 2006 жылғы ІІ тоқсан | РБК шешімі |
| 14. | Арнаулы пәндер кабинеттері мен кәсіптік-техникалық мектептердің шеберханалары үшін оқу-көрнекі құралдарын сатып алу жөніндегі ұсынысты РБК-нің қарауына енгізу | Бюджеттік өтінім | БҒМ | 2006 жылғы ІІІ тоқсан | РБК шешімі |
| 15. | Бейіндік мектептерді физика, химия, биология кабинеттерімен кезең-кезеңмен қамтамасыз ету жөніндегі ұсынысты РБК-нің қарауына енгізу | Бюджеттік өтінім | БҒМ | 2006 жылғы ІІ тоқсан | РБК шешімі |
| 4. Кадрлық қамтамасыз ету |
| 16. | «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдердегі жоғары оқу орындарында мамандарды даярлау» республикалық бағдарламасының шеңберінде орта білім беру ұйымдары және педагогикалық жоғары оқу орындары үшін педагогикалық кадрларды даярлау | Бұйрық | БҒМ | 2006 - 2008 жылдар | РБ 020 бағдарламасының шеңберінде |
| 17. | 12 жылдық мектеп үшін педагогикалық кадрларды даярлау және жаңа педагогикалық мамандандықтарды енгізу мақсатында: үздіксіз педагогикалық білім берудің мазмұны мен құрылымын жетілдіру; педагогикалық білім берудің кәсіптік-білім бағдарламаларын пысықтау | Бұйрық | БҒМ | 2006 - 2008 жылдар | Талап етілмейді |
| 18. | Қазақстан Республикасында педагогикалық кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту | Бұйрық | БҒМ | 2006 жылғы ІV тоқсан | Талап етілмейді |
| 19. | Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының жүйесі үшін 12 жылдық білім берудің мазмұнын құрылымдау жөніндегі модульдерді әзірлеу | Бағдарламалар | БҒМ | 2006 - 2007 жылдар | Талап етілмейді |
| 20. | Қазақстан Республикасының Үкіметіне жиынтық ақпарат ұсыну | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | Жыл сайын 20 қаңтар және 20 шілде | Талап етілмейді |
*Ескертпе:
Жыл сайынғы шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
ОблБД(Б) - облыстық білім департаменттері
(басқармалары)
Астана, Алматы - білім департаменттері
қалаларының БД
РБ - республикалық бюджет
РБК - Республикалық бюджет комиссиясы