Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1995 Ж. 29 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 473 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1880 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 21.01.02 ж. № 72; 20.11.02 ж. № 1223; 03.03.04 ж. № 267;
22.07.04 ж. № 782; 2005.22.02. № 156 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  2006 ж. 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

«Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы № 1090 қаулысының 5-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.

2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсiн.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

1995 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1880 қаулысымен

бекітілген

Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi

жөніндегі комиссия туралы

Ереже

I. Жалпы ережелер.

1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы № 1090 қаулысына сәйкес құрылады.

ҚР Үкіметінiң 03.03.04 ж. № 267 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған.

ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 72; 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом