Кеден құжаттарының электрондық көшірмелерінің құрылымдарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының м.а.
2003 ж. 22 мамырдағы № 232 бұйрығы
(2005.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 24 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 382, 383, 317, 318, 386, 387, 388, 364, 76, 424, 426, 435-баптарына сәйкес кеден құжаттарының электрондық нысандарын ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өңдеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жүк кедендік декларация (бұдан әрі - ЖКД) мен кедендік құн декларациясының (бұдан әрі - КҚД) электрондық көшірмелерінің құрылымдары (1-Қосымша);
2) Жеткізілуді бақылау құжатының (бұдан әрі - ЖБҚ) электрондық көшірмесінің құрылымы (2-Қосымша);
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің "Жүк кедендік декларация мен кедендік құн декларациясының электрондық көшірмелерінің құрылымдарын бекіту туралы" 1998 жылғы 30 қарашасындағы № 240-П бұйрығының күші жойылсын деп танылсын (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әділет министрлігінде 1998 жылы 2 желтоқсанда № 687-інші болып тіркелген, 1999 жылы № 6 "Нормативтік құқықтық акт бюллетенінде" жарияланған).
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Төрағаның орынбасарына (С.Ж. Мулкин) жүктеймін.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төрағаның
| міндетін атқарушы | Ержанов А. |
Қазақстан Республикасы
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 22 мамырдағы
№ 232 "Кеден құжаттарының
электрондық көшірмелерінің
құрылымдарын бекіту туралы"
бұйрығына
1-Қосымша
Жүк кедендік декларациясының электрондық