«Облыстық және оған теңестірілген соттағы оқу бағдарламаларының
үйлестірушісі туралы» ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының
2006 жылғы 27 наурыздағы № 58 Өкімі
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, оқу бағдарламаларын үйлестіру, жергілікті соттардың судьяларына практикалық көмек көрсетуді ұйымдастырудың тиімділігі мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған «Облыстық және оған теңестірілген соттағы оқу бағдарламаларын үйлестірушісі туралы» Ереже бекітілсін.
2. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары Оқу бағдарламаларын Үйлестірушіні бекітсін.
3. Жоғарғы Сот Аппаратының Ұйымдастыру-талдау бөлімі Ережені Жоғарғы Соттың басылымдарында жариялауды және оны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Web-сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Жоғарғы Сот Аппаратының Ұйымдастыру-талдау бөліміне жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы | Қ. Мәми |
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2006 жылғы 27 наурыздағы
№ 58 Өкімімен бекітілген
Облыстық және оған теңестірілген соттағы оқу бағдарламаларының
үйлестірушісі туралы ереже
Осы Ереже «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, оқу бағдарламаларын үйлестіру, судьяларға практикалық көмек көрсетуді ұйымдастырудың тиімділігі мақсатында әзірленді.
I. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламаларын үйлестіруші судьялардың біліктілігін арттыруға бағытталған оқу бағдарламаларын ұйымдастыру үшін жауапты облыстық немесе оған теңестірілген соттың (бұдан әрі - облыстық соттың) судьясы болып табылады.
2. Оқу бағдарламаларын үйлестіруші оның келісімімен облыстық сот төрағасының өкімімен тағайындалады.