Введите номер документа
Прайс-лист

«Алматы қаласында ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту Бағдарламасы мен Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясындағы тұрғын үй құрылысы туралы» Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 1/186 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 1 апреля 2003
Статус
Утратил силу
утратил силу с 4 сентября 2006

«Алматы қаласында ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту Бағдарламасы
мен Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясындағы тұрғын үй құрылысы туралы»
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 1/186 қаулысы

 

Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 8 шілдедегі № 3/885 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 шілдедегі № 1014 «Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретінде дамыту туралы» қаулысын, II сайланған Алматы қалалық Мәслихаты 2002 жылғы 19 қыркүйектегі ХІХ сессиясының «Алматы қаласында ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту Бағдарламасы мен Тұжырымдамасын бекіту туралы» және 2001 жылғы 25 мамырдағы «Кепіл қоры туралы Ережені бекіту туралы» шешімдерін және Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 14 қазандағы № 5/655 қаулысын орындау мақсатында Алматы қаласының Әкімшілігі қаулы етеді:

1. Алматы қаласында ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылсын, осы кеңестің құрамы мен оның қызметінің ережесі бекітілсін (№ 1, № 2 қосымшалар).

2. Алматы қаласында ипотекалық несиелеу жұмысын дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары бекітілсін ( № 3 қосымша).

3. Кепіл қорын құрастыру үшін коммуналдық меншік ғимараттарының тізбесі бекітілсін (№ 4 қосымша) және оны Алматы қалалық Мәслихаты келесі сессиясында келісуге ұсынсын.

4. Алматы қаласында ипотекалық тұрғын үй құрылысының өкілетті органы болып Күрделі құрылыс департаменті (М.Ш.Серғазин) анықталсын.

5. Күрделі құрылыс департаменті (М.Ш.Серғазин) үйлестіру кеңесінің бекітуіне ипотекалық несиелеу жолдарын енгізу үшін Алматы қаласындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттардың тізбесін бекітсін.

6. Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 24 ақпандағы № 1/108 «Алматы қаласында ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту Бағдарламасы мен Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясындағы тұрғын үй құрылысы туралы қаулысы» күшін жойды деп танылсын.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Қ.Е. Жаңбыршинге жүктелсін.

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами