Введите номер документа
Прайс-лист

«Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 тамыздағы № 770 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 15 августа 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 15 августа 2006
Дата последнего изменениявторник, 15 августа 2006

«Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес жария етілген жылжымайтын мүлік
объектілерін пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу
ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 тамыздағы № 770 Қаулысы

(2006.08.11. берілген өзгерістермен)

 

«Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

                                            Қазақстан Республикасы

                                                   Үкіметінің

                                            2006 жылғы 15 тамыздағы

                                                № 770 қаулысымен

                                                   бекітілген

 

«Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген

жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдауды

ұйымдастыру және жүргізу

ережесi

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) құрылысы бұрын аяқталған, бірақ белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылданбаған және осы жылжымайтын мүлікке құқықтарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықты ресімдей отырып, мемлекеттік тіркеуден өтпеген ғимараттар мен құрылыстарды (бұдан әрі - Жария етілген объект) пайдалануға қабылдаудың ерекше тәртібін белгілейді.

2. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 74-78-баптарының ережелеріне, сондай-ақ:

1) құрылысқа (құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге) рұқсат беретін рәсімдерді өткізу;

2) жария етілген объектіні сыртқы жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, су құбыры, кәріз және радиоландыру желілеріне қосу;

3) қабылдау комиссияларының құрамын қалыптастыру және құрылысы аяқталған объектіні пайдалануға қабылдау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерге қолданылмайды.

 

 

2. Жария етілген объектіні пайдалануға қабылдауды

ұйымдастыру және жүргізу тәртібi

 

ҚР Үкіметінің 2006.08.11. № 1070 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Жергілікті атқарушы органдар жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі тиісті комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жария етілген объектіні пайдалануға қабылдауды жүргізуді ұйымдастырады. Жария етілген объектіні пайдалануға қабылдау он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

4. Жергілікті атқарушы орган жария етілген объектіні пайдалануға қабылдауды:

1) жария етілген объектіні іс жүзіндегі жай-күйі бойынша құрылыс салу жүйесіне жайластыру (орналастыру) бөлігінде қала құрылысы регламенттеріне, өртке қарсы және өзге де нормативтік талаптарға сәйкестігін белгілеу;

2) жария етілген объектіні пайдаланудың қоршаған ортаға, басқа объектілердің тұрақты жұмыс істеуіне жағымсыз әсер етуге жол беретін, сондай-ақ жеке тұлғалардың, қоғамның және (немесе) мемлекеттің заңды мүдделерін бұзатын субъективті жағдайларының болуын тексеру;

3) жария етілген объектінің тіреу және қоршау құрастырмаларының төзімділігі мен сенімділігіне, сондай-ақ санитарлық, экологиялық, радиациялық, өрт және жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын нормативтік талаптарға сәйкестігін көзбен шолып байқау, ал қажет болған кезде зертханалық тексеру;

4) жария етілген объектінің жария етуші субъекті мәлімдеген функционалдық мақсаты (тиесілігі) бойынша пайдалануға олардың әзірлігін (жарамдылығын) кешенді тексеру мақсатында инженерлік (автономды немесе орталықтандырылған жылыту, электр-энергия тұтыну, су құбыры және кәріз, газдандыру, радиоландыру) жүйелерді, сондай-ақ технологиялық өндірістік жабдықтарды көзбен шолып байқау, ал қажет болған кезде бақылап сынау жолымен жүзеге асырады.

5. Жүргізілген кешенді байқау нәтижелері бойынша жария етілген объект пайдалануға қабылданады.

6. Жария етілген объектіні пайдалануға қабылдау осы Ережеге қоса беріліп отырған үлгі нысанға сәйкес қабылдау актісімен ресімделеді.

Қабылдау актісінде жария етілген объектінің орналасқан жерінің, нысаналы және функционалдық мақсатының ерекшеліктеріне байланысты мәліметтер қосымша көрсетілуі мүмкін.

7. Жария етілген объектіні пайдалануға қабылдау актісі ресімделгеннен кейін бұл құжатты жергілікті атқарушы орган бұрын құжаттарды одан әрі қарау туралы шешім қабылдаған Комиссияға жібереді.

8. Жария етілген объектіні пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

 

                                  «Мүлікті жария етуге байланысты

                                       рақымшылық жасау туралы»

                                   Қазақстан Республикасының Заңына

                                   сәйкес жария етілген жылжымайтын

                                    мүлік объектілерін пайдалануға

                                      қабылдауды ұйымдастыру және

                                           жүргізу ережесіне

                                                 қосымша

 

Жария етілген құрылыс объектісін

пайдалануға қабылдау туралы актінің үлгі нысаны

 

                                 ___________________________________

                                 (облыстың, қаланың, ауданның атауы)

                                        әкімінің (әкімдігінің)

                                 200__ жылғы "___" _________________

                                      №___ қаулысымен бекітілген

                                 ___________________________________

                                  (әкімнің қолы, тегі және аты-жөні)

 

Қабылдау комиссиясының жария етілген құрылыс объектісін

пайдалануға қабылдау туралы

АКТІСI

                   200__жылғы "__"_____________

 

                                         ___________________________

                                        (объектінің орналасқан жері)

_________________________________________________________

(комиссияны тағайындаған органның атауы) әкімінің 200__ жылғы "___"_____________

шешімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы мына құрамда:

төраға _________________________________ ____________________________

                             (тегі, аты, әкесінің аты)              (лауазымы)

төрағаның орынбасары - мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының

өкілi

_______________________________________ ____________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты)                       (лауазымы)

комиссия мүшелері - өкілдер:

тапсырысшы ____________________________ ____________________________

                                (тегі, аты, әкесінің аты)               (лауазымы)

пайдаланушы ұйым ___________________________ _______________________

                                            (тегі, аты, әкесінің аты)         (лауазымы)

мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары

________________________________________ ___________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты)                    (лауазымы)

мемлекеттік өртті қадағалау органдары

________________________________________ ___________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты)                    (лауазымы)

жергілікті атқарушы органның өкілi

________________________________________ ___________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты)                    (лауазымы)

Анықталды:

1. Тапсырысшы (тапсырысшымен бірге мердігер) _________________

____________________________________________________________________

                                         (ұйымның атауы)

_________________________________________________ мекен-жайы бойынша

(облыс, аудан, елді мекен, шағын аудан, махалла, көше, үйдің

____________________________________________________________________

                                             (корпустың)

____________________________________________________________________

                                                     нөмірі)

____________________________________________________________________

      (объектінің атауы және құрылыстың түрі (жаңадан салу, кеңейту, қайта

____________________________________________________________________

                       жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру)

пайдалануға қабылдауды ұсынды.

2. Пайдалануға беруге ұсынылған объектінің мынадай қуаттылық, өнімділік, өндірістік алаң, ұзақтық, сыйымдылық, көлем, өткізу қабілеті, алып жүру қабілеті, жұмыс орындарының саны және с.с. негізгі көрсеткіштері бар (мақсатты өнімдерге немесе негізгі қызметтердің түрлеріне сәйкес барлық объекті (тұрғын үйлерден басқа) бойынша өлшем бірліктерімен толтырылады):

 

Қуаттылық, өнімділік және т.б.

Өлшем бірлігi

Жоба бойынша

Іс жүзінде

 

 

жалпы (бұрын қабылдан ғандарды ескере отырып

оның ішінде іске қосу кешені немесе кезегi

жалпы (бұрын қабылданғандарды ескере отырып)

оның ішінде іске қосу кешені немесе кезегi

  

  

  

  

  

  

 

Бастапқы кезеңде жобалық қуатты игеру нормаларына сәйкес жобада

көзделген көлемде өнімдерді шығару (қызметтер көрсету) ______________

____________________________________________________________________

           (көлемін көрсете отырып, өнімдерді шығарудың басталу фактісі)

Пайдалануға қабылдауға ұсынылған тұрғын үйдің мынадай көрсеткіштерi

бар:

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жоба бойынша

Іс жүзінде

Жалпы алаңы

м2

  

  

Қабаттар саны

қабат

  

  

Жалпы құрылыс көлемi

м3

  

  

Оның ішінде жер асты бөлігi

м3

  

  

Жапсарлас салынған, жапсарлас-жанаса салынған және жанаса салынған үй-жайлар алаңы

м2

  

  

 

Көрсеткіштер

Жоба бойынша

Іс жүзінде

Пәтерлер саны

Пәтерлер алаңы, м2

Пәтерлер саны

Пәтерлер алаңы, м2

жалпы

тұрғын

жалпы

тұрғын

Барлық пәтерлер, оның ішінде: бір бөлмелi

  

  

  

  

  

  

екі бөлмелi

  

  

  

  

  

  

үш бөлмелi

  

  

  

  

  

  

төрт және одан көп бөлмелi

  

  

  

  

  

  

 

3. Объект бойынша технологиялық және сәулет-құрылыс шешімдері

мынадай деректермен сипатталады:____________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

  (оны орналастыру ерекшеліктері бойынша, жоспарлау, қабаттылығы,

негізгі материалдар мен құрастырмалар, инженерлік және технологиялық

жабдықтар бойынша қысқаша техникалық сипаттамалар)

4. Объектіде жобада көзделген, жеке сынағаннан және кешенді сынап байқалғаннан кейін оны қабылдау туралы актілерге (көрсетілген актілердің тізбесі осы актіге... қосымшада берілген) сәйкес мөлшерде жабдық орнатылған.

5. Жобада көзделген еңбекті қорғау, жарылыс қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және сейсмикаға қарсы іс-шаралар ______________

____________________________________________________________________

                                    (орындалуы туралы мәліметтер)

Іс-шаралардың сипаттамасы актіге... қосымшада берілген.

6. Суық және ыстық сумен жабдықтаудың, кәріздің, жылумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және байланыстың тыстағы сыртқы коммуникациялары объектіні қалыпты пайдалануды қамтамасыз етеді және қалалық пайдаланушы ұйымдар қабылдаған. Қалалық пайдаланушы ұйымдардың анықтамалық тізбесі актіге... қосымшада берілген.

7. Жұмыс комиссиясы анықтаған шалағайлықтар мен ақаулар жойылды.

8. Көгалдандыру ғимараттарға, жаяу жолдарға, шаруашылық, ойын және спорт алаңдарына кіреберіс жолдардың бетін жабу, сондай-ақ ғимараттар қасбетінің элементтерін әрлеу жөніндегі жұмыстар орындалуы тиіс:

 

Жұмыстың түрлері

Өлшем бірлігі

Жұмыстың көлемі

Орындалу мерзімі

  

  

  

  

 

9. Бекітілген жобалау-смета құжаттамасы бойынша сметалық құн:

барлығы ____ мың теңге, оның ішінде: құрылыс-монтаж жұмыстары

_______ мың теңге, жабдықтар, аспаптар және мүкәммал ____ мың теңге.

10. Пайдалануға қабылданатын негізгі қорлардың сметалық құны:

_________ мың теңге, оның ішінде: құрылыс-монтаж _________ жұмыстары

_________ мың теңге, жабдықтар, аспаптар және мүкәммал____мың теңге.

11. Объектіні тексеру және тиісті құжаттамамен танысу

негізінде:

технологиялық ______________________________________________________

                                       (тұрғын үйлер бойынша толтырылмайды)

сәулет-құрылыс (көлем-жоспарлау және материалдар мен құрастырмаларды

қолдану жөніндегіні қоса алғанда) шешімнің озықтығына баға берілді.

Қабылдау комиссиясының шешімi

Қабылдауға ұсынылған__________________________________________

                                                             (объектінің атауы)

Пайдалануға қабылдансын.

Қабылдау

комиссиясының төрағасы _______________________________________

                                                                         (қолы)

 

Қабылдау комиссиясы

төрағасының орынбасары _______________________________________

                                                                          (қолы)

 

Қабылдау

комиссиясының мүшелері: ______________________________________

                                                                     (қолдары)

 

Ескертпе: Акт бекітілген күн пайдалануға берілген күн болып саналады.

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами