Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 261-ө Өкімі

Информация о документе
Датачетверг, 7 сентября 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 7 сентября 2006
Дата последнего изменениячетверг, 7 сентября 2006

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы»
және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй
құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы»
2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 261-ө Өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Мемлекеттік органдар тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

 

Премьер-Министрдің

міндетін атқарушы

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Премьер Министрінің

2006 жылғы 7 қыркүйектегі

№ 261-ө өкімімен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік

қатысу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу

мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы

7 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет

нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі

 

Р/с №

Нормативтік құқықтық кесімнің атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ

2006 жылғы қыркүйек

2

Тұрғын үй ғимараттарын жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін тарту есебінен салуды ұйымдастыру жөніндегі  қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ

ЭБЖМ

2006 жылғы қыркүйек

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ИСМ - Индустрия және сауда министрлігі

ЭБЖМ - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом