«Алматы қаласының Әкімшілігі жанындағы құқық бұзушылық және
қылмыскерлікпен күрес мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссияны
құру туралы»
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 17 қарашадағы № 5/683 қаулысы
Алматы қаласы әкідігінің 2006.07.07. № 3/869 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 шілдедегі № 507 «Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы құқық бұзушылық және қылмыскерлікпен күрес мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» қаулысына сай, атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделі ұйымдардың құқық бұзушылық және қылмыскерлікпен күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабы 21 тармағы негізінде оның пәрменділігін арттыру мақсатында Алматы қаласының Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласының Әкімшілігі жанындағы құқық бұзушылық және қылмыскерлікпен күрес мәселесі жөніндегі ақылдасушы-кеңестік орган ведомствоаралық комиссия құрылсын (бұдан әрі Комиссия).
2. Комиссия туралы Ереже бекітілсін.
3. Алматы қаласы Әкімі жанындағы қылмыскерлік және жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі таратылсын.
4. Алматы қаласы Әкімінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 468 «Қылмыскерлікпен және жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» шешімінің, 2003 жылғы 3 ақпандағы № 12 «Алматы қаласы Әкімінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 468 «Қылмыскерлікпен және жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп саналсын.
Алматы қаласының Әкімi
Әкімшілік хатшысы