Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 276 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 900 Қаулысы (2015.01.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датапятница, 22 сентября 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 22 сентября 2006
Дата последнего изменениясуббота, 12 сентября 2015

Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 276 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 900 Қаулысы

(2015.01.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 276 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., № 13, 122-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 22 қыркүйектегi

№ 900 қаулысымен

бекітілген

 


Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар

 

1. ҚР Үкіметінің 2015.01.09. № 727 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 294-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі туралы ережеде:

11-тармақ мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:

«34-1) табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын келісу;».

3. ҚР Үкіметінің 2009.23.10. № 1654 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 943 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

7. ҚР Үкіметінің 2007.06.12. № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)

8. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережеде:

11-тармақ мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

«18) табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын келіседі.».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом