«Депозиттерге міндетті кепілдік беру мәселелері бойынша Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші
жойылғандығын тану туралы»
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2006 жылғы
23 қыркүйектегі № 218 Қаулысы
Нормативтік құқықтық актілерді «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Үсенбекова Л.Е.) осы қаулы қабылданған күннен бастап жеті күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігіне, Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазакстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге мәлімет үшін жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 218 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылған