"Тіркелген қылмыстар мен қылмыстық қудалау органдары қызметінің
нәтижелері туралы" № 1-М нысанды статистикалық есепті құрастыру бойынша
Нұсқаулықты бекіту Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының
2003 ж. 31 қазандағы № 62 бұйрығы
(ҚР Бас Прокурорының 01.10.04 ж. № 48 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
| "Келісілген": | | | | | | | Қазақстан Республикасының |
| Қазақстан Республикасы | | | | | | Ішкі істер министрі |
| Жоғарғы Сотының Төрағасы | | | | | 2003 жылғы 28 қазан |
2003 жылғы 30 қыркүйек
Қазақстан Республикасының
| Қазақстан Республикасының | | | | | Кедендік бақылау агенттігінің |
| Ұлттық қауіпсіздік комитетінің | | | | Төрағасы |
| Төрағасы | | | | 2003 жылғы 14 қазан |
2003 жылғы 21 қазан
Қазақстан Республикасының
| Қазақстан Республикасының | | | | | Төтенше жағдайлар бойынша |
| Әділет Министрі | | | | | агенттігінің Төрағасы |
| 2003 жылғы 24 қараша | | | | | 2003 жылғы 15 қазан |
| Қазақстан Республикасының | | | | | Қазақстан Республикасының |
| Қорғаныс Министрі | | | | | Қаржы полициясы агенттігінің |
| 2003 жылғы 20 қазан | | | | | Төрағасы |
2003 жылғы 13 қараша
Қылмыс туралы статистикалық есептілікті жетілдіру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:
1. Бекітіліп:
1) «Тіркелген қылмыстар мен қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы» № 1-М нысанды статистикалық есеп қосымшаға сәйкес;
2) "Тіркелген қылмыстар мен қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы" № 1-М нысанды статистикалық есеп пен оны құрастыру бойынша Нұсқаулық қосымшаға сәйкес.