«Алматы облысының 2006 жылға арналған облыстық бюджеті туралы»
Алматы облыстық Мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 24-161 шешімі
(2006.13.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 9 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңдарына сәйкес, Алматы облыстық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2006 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес төмендегі көлемдерде бекітілсін:
Алматы облыстық Мәслихатының 2006.19.01. № 25-172; 2006.15.03. № 26-180 (бұр. ред. қара); 2006.25.04. № 27-193 (бұр. ред. қара); 2006.26.05. № 28-203 (бұр. ред. қара); 2006.13.07. № 29-220 (бұр. ред. қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1) Кірістер 45344017 мың теңге, соның ішінде:
Салықтық түсімдер бойынша 8141998 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша 59390 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 37488 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша 37105141 мың теңге, соның ішінде:
Аудандық (қалалық) бюджеттерден бюджеттік алымдар 6529367 мың теңге;
нысаналы трансферттерді қайтару- 204938 мың теңге
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер - барлығы 30071036 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 8489916 мың теңге, соның ішінде:
Мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік қызметкер емес мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың жұмысшыларына жалақы төлеуге 2897026 мың теңге;
көші-қон полициясы штаттық санының ұлғаюы - 25925 мың теңге;
мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді шектеу шеңберінде берілетін әкімшілік функциялар - 52248 мың теңге;
білім - 1013730 мың теңге;
денсаулық сақтау - 2532350 мың теңге;
мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен және ымдасу тілінің мамандарын, дербес көмекшілердің көрсететін қызметін қамтамасыз ету - 16612 мың теңге;