Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.30.06 № 623 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

«Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу
ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 623 Қаулысы

 

Осы редакция 2006 ж. 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 мамырдағы № 559-29қ қаулысы;

2) «Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 76 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 3, 34-құжат);

3) «Қазақстан Республикасы халқын тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 761 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 31, 404-құжат).

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметінің

2006 жылғы 30 маусымдағы

№ 623 қаулысымен бекітілген

 

 

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесi

 

1-тарау. Негізгі ережелер

 

1. Осы Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

2. Осы Ереже мыналарды айқындайды:

1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін;

2) запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом