Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2004.11.12. № 437 БҰЙРЫҒЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 437 бұйрығы

 

Осы редакция 2006 ж. 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 190-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күндік мерзімде осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануы жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

 

А. Дунаев

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

2004 жылғы 11 желтоқсандағы

№ 437 бұйрығымен бекітілді

 

Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу

және мониторингі ережесі

 

1. Жалпы ереже

 

1. Осы Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі (бұдан әрі - Ереже) бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі, бюджет кредиттерін пайдалану, өтеу және қызмет көрсету, бюджет кредиттерін пайдаланудың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәртібін белгілейді.

 

2. Бюджет кредиттерін тіркеу

 

2. Бюджет кредиттерін тіркеуді:

1) кредит шартына тіркеу нөмірін беру және тіркеу кітабына жазу арқылы республикалық бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;

2) кредит шартына тіркеу нөмірін беру және тіркеу кітабына жазу арқылы жергілікті бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

3. № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу кітабы нөмірленген, бауланған және мынадай:

1) республикалық бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом