Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМШІЛІГІНІҢ 2005.12.04 № 2/211 ҚАУЛЫСЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

«Жер құқық қатынастарын реттеу салалары бойынша Алматы қаласының
мемлекеттік уәкілетті органдарының қызметі жайлы кейбір мәселелері туралы»
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 2/211 қаулысы

(2005.17.06. берілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2006 ж. 3 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес, Алматы қаласының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласының Жер комиссиясын құрсын.

2. Қосымшаларды бекітсін:

1) Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы Ережесін;

2) Комиссия құрамы;

3) Алматы қаласының Жер комиссиясы қорытындысы үлгісін.

3. Алматы қаласы Әкімдігінің «Алматы қаласының қала құрылысы комиссиясы туралы» 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 1/228 қаулысының күші жойылды деп табылсын.

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

 

Алматы қаласының Әкімі

И.Тасмағамбетов

 

Әкімдік хатшысы

К.Тәжиева

 

1 қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің

2005 жылғы 12 сәуірдегі

№ 2/211 қаулысымен

Бекітілді

 

 

Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы

ЕРЕЖЕСІ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Алматы қаласының Жер комиссиясы (одан әрі мәтін бойынша «Комиссия») жер учаскелерге құқық беру, жер учаскелерді сату немесе жер учаскелеріне жалдау құқығын беру және Алматы қаласында мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерді алу жөніндегі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің ережелерін орындауда (орындау мақсатында) құрылды.

2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдылықтарын және осы Ережені басшылыққа алады.

 

2. Комиссия құрамы

 

 

3. Комиссия Алматы қаласы әкімдігі қаулысымен Алматы қаласы Мәслихатының депутаттарынан, қала әкімдігінің өкілінен (өкілдерінен), Алматы қаласының жер қатынастары басқармасынан, Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы Департаменті және басқа тұлғалардан құрылады.

Комиссия құрамына Комиссия төрағасы, оның орынбасары, Комиссия мүшелері кіреді.

Комиссияның төрағасы Алматы қаласы Әкімдігінің бірінші орынбасары болады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами