Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 14 ноября 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 26 апреля 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты
дамуға көшу тұжырымдамасы туралы

 

ҚР Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

үш ай мерзімде Тұжырымдаманың 2007-2009 жылдарға арналған және одан әрі кезең-кезеңімен іске асырылуы жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін;

жыл сайын 10 наурызға қарай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Тұжырымдаманы іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз қызметінде Тұжырымдаманың қағидаларын басшылыққа алсын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы қарашаның 14-і.

№ 216

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы 14 қарашадағы

№ 216 Жарлығымен

мақұлданған

 

Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған

орнықты дамуға көшу

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

МАЗМҰНЫ

 

1.  Жалпы ережелер

1.1 Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуінің өзектілігі мен алғышарттары

1.2 Орнықты дамуға көшу өлшемдеріне талдау және болжам жасау

1.3 Орнықты дамуға көшу кезеңдері

2.  Орнықты дамуға көшудің негізгі қағидаттары, басымдықтары, мақсаты мен міндеттері

2.1 Негізгі қағидаттары мен басымдықтары

2.2 Мақсаты

2.3 Міндеттері

3.  Орнықты дамуға көшу бағыттары мен тетіктері

3.1 Даму тетіктерінің ықпалдасуы

3.2 Орнықты дамудың саяси негізі

3.3 Қоғамның орнықты дамуы

3.4 Орнықты экономикалық прогресс

3.5 Экологиялық орнықтылық

3.6 Өңірлердің орнықты дамуы

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом