Құрылыс объектілерінің жобаларына сараптаманы жүзеге асыратын, мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын мемлекеттік емес сараптама орталықтарын аккредиттеу және сарапшыларды аттестаттау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2006 жылғы 19 қазандағы № 399 Бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 163/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11) тармақшасымен «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс объектілерінің жобаларына сараптаманы жүзеге асыратын, мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын мемлекеттік емес сараптама орталықтарын аккредиттеу және сарапшыларды аттестаттау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аккредиттеу және аттестаттау басқармасы:
осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия
және сауда министрлігі Құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитетінің
2006 жылғы 19 қарашадағы
№ 399 бұйрығымен
Бекітілген