«Алматы қаласының мемлекеттік кәсіпорындарымен 2007 жылғы таза
табыс бөлігін бюджетке аудару нормативтері туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 16 қарашадағы № 7/1390 қаулысы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыстарын бөлу нормативтері туралы» қаулысына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар үшін 2007 жылға жергілікті бюджетке таза табыс бөлігін аудару нормативтерін бекіту.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардын басшылары корпорацияның табыс салығы бойынша декларация өткізу үшін белгіленген мерзімнен кейін 10 жұмыс күнінен кеш қалмай белгіленген аударым нормаларына сәйкес таза табыс бөлігінін қала бюджетіне аударылуын қамтамасыз етсін.
3. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың басшылары есеп жылымын қорытындысы бойынша кәсіпорындардың сметадан асыра түскен кірістерінің жергілікті бюджет кірісіне аударылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі | И. Тасмағамбетов |