Введите номер документа
Прайс-лист

«Ең үлгілі жай (пәтер) иелері кооперативіне қалалық конкурс өткізу туралы» Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 10 мамырдағы № 2/253 қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 10 мая 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 10 мая 2005
Дата последнего изменениявторник, 10 мая 2005

«Ең үлгілі жай (пәтер) иелері кооперативіне қалалық конкурс өткізу туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 10 мамырдағы № 2/253 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес тұрғын үй қорын сақтау, үйлердің алдындағы және үйлердің аулаларындағы тазалықты жақсарту, тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі жай (пәтер) иелері кооперативтерінің (бұдан әрі-ПИК) жұмыс деңгейін арттыру мақсатында, Алматы қаласының Әкімдігі қаулы етеді:

1. 2005 жылы Алматы қаласында ең үлгілі ПИК конкурсы өткізілсін.

2. 1 қосымшаға сәйкес ең үлгілі ПИК конкурсы туралы ереже бекітілсін.

3. 2 қосымшаға сәйкес ең үлгілі ПИК конкурсын өткізу жөніндегі қалалық конкурстық комиссияның құрамы бекітілсін.

4. Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті (Ә.С. Несіпбаев) Алматы қаласындағы аудандық әкімдіктермен бірлесіп ең үлгілі ПИК конкурсын өткізуді ұйымдастырсын.

5. Аудан әкімдері аталған конкурсқа ПИК белсенді қатысуын қамтамасыз етсін.

6. Алматы қаласы Әкімдігінің баспасөз қызметі (А.Т. Сафуллин) конкурсты өткізу және оның қортындысын шығару барысы бойынша оны кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.С. Сманқұловқа жүктелсін.

 

Алматы қаласының Әкімі

И. Тасмағамбетов

 

Әкімдік хатшысы

К. Тәжиева

 

Алматы қаласы Әкімдігінің

2005 жылғы 10 мамырдағы

№ 2/253 қаулысының

1 қосымшасы

 

«Ең үлгілі ПИК» конкурсы туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

«Ең үлгілі ПИК» конкурсы Алматы қаласының Әкімдігімен ұйымдастырылып өкізіледі.

Конкурс ПИК-тердің тұрғын үй қорын күтіп ұстау және аула аумақтарын көріктендіру жөніндегі жұмысты анықтуға және оң тәжірибені таратуға бағытталған.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами