Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еркін сауда туралы КЕЛІСІМ (Алматы қ. 1997 ж. 2 маусым)

Информация о документе
Датапонедельник, 2 июня 1997
Статус
Действующийвведен в действие с 2 июня 1997
Дата последнего измененияпонедельник, 2 июня 1997

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы
Еркін сауда туралы
КЕЛІСІМ
(Алматы қ. 1997 ж. 2 маусым)

 

1998 жылғы 8 мамырдағы № 224-1 ҚР Заңымен бекітілді, 1998 жылы 16 мамырда күшіне енді

Алып тастаулар туралы Хаттаманы қара

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты теңдiк және өзара тиiмдiлiк негiзiнде дамытуға ұмтыла отырып,

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының қалыптасқан интеграциялық экономикалық байланыстары мен екi мемлекет экономикаларының өзара толығуын ескере отырып,

бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы шарттың ережелерiн басшылыққа ала отырып,

тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң еркiн қозғалысы өзара келісілген шараларды жүзеге асыруды талап ететiнiн мойындай отырып,

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас Келісімнiң (ТСБК) және Дүниежүзiлiк сауда ұйымының (ДСҰ) принциптерiн ұстанатындықтарын растай отырып,

төмендегiлер жөнiнде келiстi:

 

1-бап

 

Тараптар теңдiк, өзара тиiмдiлiк және мүдделiлiк принциптерiн басшылыққа ала отырып, Тараптар мемлекеттеріндегі iс жүзіндегі заң актілерін сақтай отырып, олардың меншiк түрлерiне қарамастан, тiкелей шаруашылық байланыстары негiзiнде шаруашылық қызмет субъектiлерi арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытады және кеңейте түседi.

Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапқа зиян келтiретiн iс-әрекеттерден бас тартады.

2-бап

 

1. Тараптар бiр-бiрiне еркiн сауда тәртібін ұсынады.

Тараптар бiр Тарап мемлекетiнiң кедендiк аумағынан шығатын және екiншi Тарап мемлекетiнiң кедендiк аумағына арналған тауарлардың экспортын және/немесе импортын кедендiк ресiмдеулер, сондай-ақ сандық шектеулер үшiн қойылатын алымдардан басқа, бара-бар күшi бар кедендiк баж салығын, салықтарды және алымдарды қолданбайды. Тауарлардың келісілген номенклатурасы бойынша аталған сауда тәртібінен алып тастаулар осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Хаттамамен ресiмделедi.

2. Тараптар осы баптың 1-тармағына сәйкес еркiн сауда тәртібінен алынып тастаулардың жалпы тiзбесiн, сондай-ақ осындай алынып тастауларды қолдану тәсілдерiн жыл сайын әзiрлейдi және келiседi.

3. Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн және оның қолданылу кезеңiнде Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумағынан шығатын тауарлар деп Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Үкiмет Басшылары Кеңесiнiң Шешiмiмен бекітілген 1993 жылғы 24 қыркүйектегi Тауарлар шығатын елдi анықтайтын ережелер белгiлеген тауарлар түсiнiледi.

3-бап

 

Әрбiр Тарап:

осы Келісімнiң қолданысы аясына жататын екiншi Тараптың тауарларына iшкi өндiрiстiң ұқсас тауарларына немесе үшiншi елдерден шығатын тауарларға салынатын тиiстi салықтардан немесе алымдардан асып түсетiн iшкi салықтарды немесе алымдарды тiкелей немесе жанама түрде салмайтын;

осы Келісімнiң қолданысы аясына жататын тауарларды импорттауға немесе экспорттауға қатысты, ұқсас жағдайларда iшкi өндiрiстiң ұқсас тауарларына немесе үшiншi елдерден шығатын тауарларға қолданылмайтын қандай да болмасын арнайы шектеулер мен талаптар енгiзбейтiн;

екiншi Тараптың мемлекетi аумағынан шығатын тауарларды жинастыруға, қайта тиеуге, сақтауға, тасымалдауға, сондай-ақ төлемдерге және төлемдердi аударуға қатысты осындай жағдайларда өз тауарларына немесе үшiншi елдерден шығатын тауарларға қатысты қолданылатын ережелерге қарағанда басқа ережелердi қолданбайтын болады.

4-бап

 

Тараптар өзара саудада екiншi Тарапқа қатысты осы Келісімнiң шеңберiнде тауарларды экспорттауға және/немесе импорттауға сандық шектеулер енгiзетiн кемсiтушiлiк шараларын немесе оларға бара-бар шараларды қолданудан бас тартатын болады.

Тараптар бiржақты тәртiппен сандық немесе басқа арнайы шектеулер, бiрақ тек ақылға қонымды деңгейде және қатаң белгiлi бiр мерзiмге қоюы мүмкiн.

Бұл шектеулер аса бөлек сипатта болуы тиiс және тек ТСБК/ДСҰ шеңберлеріндегі келісімдермен көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкiн.

Осы Бапқа сәйкес шектеулер қолданатын Тарап аталған шектеулердi қолдануды енгізудiң негiзгi себептерi, нысандары мен болжамды мерзiмдерi туралы толық ақпаратты мүмкiндiгiнше алдын ала екiншi Тарапқа табыс етуi тиiс, содан кейiн консультациялар тағайындалады. Консультациялар барысында қабылданатын шешiмдер тиiстi құжаттармен ресiмделедi.

5-бап

 

Осы Келісім Тараптардың кез-келгенiне өзiнiң тiршiлiк мүдделерiн қорғау үшiн қажет деп есептейтiн немесе өзi қатысушы болып табылатын немесе қатысушы болуға ниет еткен халықаралық шарттарды орындау үшiн сөзсiз қажет деп санайтын сыртқы экономикалық байланыстар саласында халықаралық тәжiрибеде жалпы қабылданған мемлекеттік реттеудiң шараларын, егер бұл шаралар:

адамдардың өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, жануарлар мен өсiмдiктердi сақтауға;

қоғамдық имандылықты және қоғамдық тәртiптi қорғауға, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;

қару-жарақ, оқ-дәрi және әскери техника саудасына;

ыдыраушы материалдарды және радиоактивтi заттардың көзiн жеткiзуге, радиоактивтi қалдықтарды залалсыздандыруға;

алтын, күмiс немесе басқа да бағалы металдар мен асыл тастар саудасына;

орны толмас табиғи ресурстарды сақтауға;

төлем балансының бұзылуына;

мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесiнде iшкi бағасы әлемдiк деңгейден төмен болатын өнiмнiң экспортын шектеуге;

өндiрiстiк және интеллектуальдық меншiктi қорғауға;

ұлттық игiлiк құндылықтарын қорғауға;

соғыс уақытында немесе халықаралық қатынастардағы басқа төтенше жағдайларда қолданылатын шараларға;

халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау үшiн БҰҰ-ның Жарғысы негiзіндегі мiндеттердi орындау үшiн iс-қимылдарға;

және ТСБК-нiң XX-бабында көзделген басқа жағдайларға қатысты болса бiржақты тәртiпте қолдану құқығына кедергi келтiрмейдi.

Осы бапқа сәйкес шараларды енгізуге ниеттi Тарап төтенше сипаттағы жағдайлардан басқа, екiншi Тарапқа осындай шараларды қолданудың басталуына дейiн алдын ала шектеулердi енгізудiң негiзгi себептерi, нысандары мен болжамды мерзiмдерi туралы толық ақпаратты беруге тиiс, содан кейiн консультациялар тағайындалады.

6-бап

 

Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі барлық есеп айырысулар мен төлемдер тиiстi банк аралық келісімдер негiзiнде жүзеге асырылатын болады.

7-бап

 

Тараптар тұрақты негiздi Тараптарға қатысты кеден статистикасын қоса алғанда, сыртқы экономикалық байланыстарды іштей құқықтық реттеу туралы, соның iшiнде сауда, инвестиция, салық салу, банк және сақтандыру қызметi және көлiк пен кеден мәселелерi жөніндегі өзге де қызметтер бойынша ақпаратпен алмасатын болады Тараптар осы Келісімнiң орындалуына ықпал етуi мүмкiн ұлттық заңдардағы өзгерістер туралы бiр- бiрiне дер кезiнде хабарлап тұрады.

Уағдаласушы Тараптардың өкiлеттi органдары бұндай ақпарат алмасудың тәртібін келiседi.

     Осы баптың ережелерi:

кез келген Тараптың құзыреттi органдарын заң бойынша немесе Тараптардың бiрiнiң әдеттегi әкiмшiлiк практика барысында алуға болмайтын ақпаратты беруге мiндеттi деп тyсiну;

қандай да бiр сауда, кәсiпкерлiк, өндiрiстiк, коммерциялық немесе кәсiби құпияны немесе сауда процесiн жария ететiн ақпаратты немесе жария етiлуi Тараптардың мемлекеттік мүдделерiне қайшы келетiн басқа ақпаратты беру болып табылмайды.

8-бап

 

Тараптар олақ iскерлiк практиканың осы Келісімнiң мақсаттарына сай келмейтiнiн мойындайды және оның төмендегi әдiстерiне:

Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында бәсекелестiкке кедергi келтiру немесе шектеу немесе оған жасалған жағдайларды бұзу мақсаттарын қойған кәсiпорыңдар арасындағы шарттарға, кәсiпорындар бiрлестiгi қабылдаған шешiмдерге және iскерлiк практикасының жалпы әдiстерiне;

бiр немесе бiрнеше кәсiпорындардың өздерiнiң үстемдiк жағдайын пайдаланып, Тараптар мемлекеттерiнiң түгел аумағына немесе едәуiр бөлiгiнде бәсекелестiктi шектейтiн iс-әрекеттерiне жол бермеуге және жоюға мiндеттенедi.

9-бап

 

Статистикалық ақпарат алмасу, кедендiк рәсiмдердi жүргiзу үшiн eкі жақты экономикалық қарым-қатынастардың тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын жүзеге асыру кезiңде Тараптар тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлесiмдi жүйесiне және Еуропалық экономикалық одақтастықтың құранды тарифтiк-статистикалық номенклатурасына негiзделген Сыртқы экономикалық қызметтiң бiрыңғай тоғыз таңбалы Тауарлық номенклатурасын (СЭҚ ТН) пайдаланатын болады. Бұл орайда Тараптар өз мұқтаждары үшiн қажет болған жағдайда тоғыз таңбадан тыс Тауарлық номенклатураны дамытуды жүзеге асырады.

Тауарлық номенклатураның эталондық нұсқасын енгізу өзара келiсілген негiзде тиiстi халықаралық ұйымдардағы өкiлдiктер арқылы жүзеге асырылады.

10-бап

 

Тараптар транзиттiк өту принциптерiн сақтау осы Келісімнiң мақсаттарына қол жеткiзудiң аса маңызды шарты және оларды халықаралық еңбек бөлiсу мен бiрлесу жүйесiне қосу процесiнiң елеулi буыны екендiгiне келiседi.

Осыған байланысты Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарап мемлекетiнiң және/немесе үшiншi елдiң кедендiк аумағынан шығатын және екiншi Тарап мемлекетiнiң немесе кез келген үшiншi елдiң кедендiк аумағына арналған тауарлардың өз аумағы арқылы кедергiсiз транзитiн қамтамасыз етедi және экспорттаушыларға, импорттаушыларға немесе тасымалдаушыларға өзiнiң экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларына немесе кез келген үшiншi мемлекеттiң экспорттаушыларына, импорттаушыларына немесе тасымалдаушыларына берiлетiн сол құралдар мен қызмет көрсетулерден еш кем түспейтiн шарттарда барлық қолдағы бар құралдар және қамтамасыз ету үшiн қажеттi қызмет көрсетулердi беретiн болады.

Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары бойынша жүктердiң өту тәртібі мен шарттары тасымалдаудың Халықаралық ережелерiне сәйкес реттеледi.

11-бап

 

Әрбiр Тарап осы тауарлар өз аумағынан шығатын екiншi Тараптың экспортына қатысты рұқсат етiлмеген тауарларды қайта экспорттауға жол бермейдi, реттеудiң тарифтiк және/немесе тарифтiк емес шараларын қолданады және/немесе оларды өз кеден аумағынан әкету кезiнде сыртқы экономикалық жеңiлдiктер бередi. Тараптар рұқсатсыз қайта экспорттауға тыйым салынатын тауарлардың тiзбесiн белгiлейдi, сондай-ақ мемлекеттік реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың тiзiмдерiмен алмасады.

Бұл тауарларды үшiншi бiр елге қайта экспорттау, осы тауарлар шығатын елдiң-мемлекеттiң өкiлеттi органы айқындайтын жазбаша келісімiмен және шарттарымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Осы ереже сақталмаған жағдайда мүдделi Тарап екiншi Тараппен алдын ала консультация алысқаннан кейiн бiр жақты тәртiпте келісімсiз қайта экспорттауға жол берген екiншi Тарап мемлекетiнiң кедендiк аумағына бұндай тауарларды шығаруды реттеу жөнiнде шаралар енгізуге құқығы бар.

Қайта экспорттау деп бiр Тарап мемлекетiнiң кедендiк аумағынан шығатын тауарды екiншi Тараптың үшiншi елге экспорттау мақсатымен өз мемлекетiнiң кедендiк аумағынан тыс жерге шығаруы түсiнiледi.

12-бап

 

Үшiншi елге қатысты экспорттық бақылаудың келісілген саясатын жүргiзу мақсатында Тараптар тұрақты түрде консультациялар өткiзетiн болады және экспорттық бақылаудың тиiмдi жүйесiн құру үшiн өзара келісілген шараларды қабылдайтын болады.

13-бап

 

Осы Келісімнiң ережелерi Тараптар арасында бұрынырақта жасалған келісімдердiң ережелерiн соңғыларының алғашқыларына не сәйкес келмейтiн, не онымен ұқсас болатын шамасына қарай алмастырады.

14-бап

 

Осы Келісімде, егер бұл қатынастар мен мiндеттемелер осы Келісімнiң мақсаттары мен ережелерiне қайшы келмесе, осы Тарап қатысушы болып табылатын Тараптардың кез келгенiне үшiншi елдермен қарым-қатынас орнатуға, қандай да бiр халықаралық келісімдерге сәйкес өзiне алған мiндеттемелерiн орындауға ештеңе де кедергi жасамайды.

15-бап

 

Әрбiр Тарап өзiнiң заңдарына және халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес екiншi Тараптың шаруашылық қызметi субъектiлерiнiң тең құқықтық, соның ішінде құқықтарды соттық қорғау және заңды мүдделерiн қорғау құқықтарын бередi.

16-бап

 

Осы Келісімнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар келiссөздер жүргiзу жолымен немесе Тараптарға қолайлы басқа тәсiлдермен шешiлетiн болады.

Тараптар өзара саудадағы шиеленiстi жағдайларды жасамауға ұмтылатын болады.

17-бап

 

Қажет болған жағдайда Тараптардың келiсуi бойынша осы Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

18-бап

 

Осы Келісім Тараптардың бұл үшiн қажеттi мемлекеттік iшкi процедураларды орындағандары туралы соңғы мәлiмдеулерi күнiнен кейiн күшiне енедi және Тараптардың бiреуi екiншi Тарапқа оның қолданысын тоқтатқысы келетiн ниетi туралы жазбаша мәлiмдеме жiберген күннен алты ай өткенше күшiнде қалады.

Осы Келісім тоқтатылғаннан кейiн оның ережелерi оның күшiнде болған кезеңде Тараптар мемлекеттерiнiң шаруашылық субъектiлерi арасында жасалған, бiрақ орындалмаған контрактілерiне бес жылдан аспайтын мерзiмге қолданыста болады.

 

Алматы қаласында 1997 жылғы 2 маусымда екi данада, әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

Осы Келісімнiң ережелерiн түсiндiру мақсатында орыс тiліндегі мәтiн басым күшке ие.

      Қазақстан Республикасының             Өзбекстан Республикасының
      Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін

 

1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы

Еркiн сауда туралы келісімге

Еркiн сауда тәртібінен алып тастаулар туралы

Хаттама

 

Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының өкiлеттi өкiлдерi төмендегi туралы осы Хаттаманы жасады:

1-бап

 

1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Өзбекстан Республикасының Yкіметі арасындағы Еркiн сауда туралы келісімнiң 2-бабымен көзделген алып тастаулар:

№ 1 Қосымшаға сәйкес Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға;

№ 2 Қосымшаға сәйкес Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына экспортталатын тауарларға таратылады.

2-бап

 

1. Осы Хаттаманың 1-бабына сәйкес еркiн сауда тәртібінен алып тастаулар таратылатын тауарларға қатысты Тараптар бiр-бiрiне барынша қолайлы жағдай туғызады. Олар:

осындай салықтар мен алымдарды алудың әдiсiн қоса алғанда, импорт кезiнде (№ 1 Қосымшада көрсетiлген тауарларға қатысты) және экспорт кезiнде (№ 2 Қосымшада көрсетiлген тауарларға қатысты) алынатын салықтар мен алымдарға;

транзиттi кедендiк ресiмдеуге, тасымалдауға, жинастыруға, қайта тиеуге және осы сияқты қызмет көрсетулерге Қатысты ережелерге;

төлемнiң әдiстерiне және төлемдердiң аударылуына;

импорттық лицензиялар беруге;

iшкi рынокта тауарларды сату, сатып алу, тасымалдау, бөлу және пайдалануға байланысты ережелерге қатысты.

2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi:

Тараптардың кез келгенiнiң Кеден одағын немесе еркiн сауда аймағын құру мақсатымен, не осындай одақ немесе аймақ құру нәтижесiнде үшiншi елдерге беретiн басымдықтарына;

Тараптардың заңдарына сәйкес дамушы елдерге берiлетiн басымдықтарына;

шекара бойындағы сауданы жеңiлдету мақсатымен көршi елдерге берiлетiн басымдықтарына;

арнаулы келісімдерге сәйкес Тараптардың бiр-бiрiне беретiн басымдықтарына қатысты қолданылмайды.

3-бап

 

Тараптар өзара саудада Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумақтарына экспорт/импорт кезiнде тауарларды кедендiк ресiмдеу кезіндегі қолданыстағы тауарлардың (жұмыс және қызмет түрлерiнiң) экспорты мен импортын лицензиялау және квоталау туралы олардың заңдарына сәйкес тарифтiк емес реттеу шараларын қолдануды сақтайды.

Осы Хаттамаға қол қою кезiнде:

Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 12 наурыздағы № 298 Қаулысымен;

Өзбекстан Республикасында - Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 шiлдедегi № 287 Қаулысының 3, 4, 5, 6, 8, 9-қосымшаларымен және 1996 жылғы 18 маусымдағы № 219 Қаулысының 2-қосымшасымен белгiленген тауарлардың (жұмыс және қызмет түрлерiнiң) экспорты мен импортын тарифтiк емес реттеу саласындағы шектеулер күшiнде болады.

4-бап

 

1. Осы Хаттама 1997 жылғы маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еркiн сауда туралы келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және аталған Келісіммен бiр мезгiлде күшiне енедi.

2. Осы Хаттама 1997 жылғы маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еркiн сауда туралы келісімнiң 2-бабымен көзделген жаңа Хаттама жасалатын кезеңге дейiн қолданыста болады.

 

Алматы қаласында 1997 жылғы "2" маусымда екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

Осы Хаттаманы түсiндiру мақсаттары үшiн орыс тiліндегі мәтiн пайдаланылады.

     Қазақстан Республикасының         Өзбекстан Республикасының
     Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін
 

                                   1997 жылғы "___" маусымдағы Қазақстан

                                   Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан

                                   Республикасының Үкіметі арасындағы

                                   Еркін сауда туралы Келісімнің Еркін

                                   сауда тәртібінен алып тастаулар туралы

                                   Хаттамасына

                                   № 1 Қосымша

 

Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына импорттау

кезінде оларды еркін сауда тәртібінен алып тастауға жататын

тауарлардың

Тізбесі

 

     Тауардың аты                     СЭҚ ТН-ның коды
     Күріш                                   1006
     Алкогольді және алкогольсіз             22 топ
     ішімдіктер                     (2201, 2202 және 2209-дардан басқа)
     Темекі және темекіні өндірістік
     алмастырушылар                          24 топ

 

                                    1997 жылғы "___" маусымдағы Қазақстан

                                    Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан

                                    Республикасының Үкіметі арасындағы

                                    Еркін сауда туралы Келісімнің Еркін

                                    сауда тәртібінен алып тастаулар туралы

                                    Хаттамасына

                                    № 2 Қосымша

 

Қазақстан Республикасына Өзбекстан Республикасынан

экспорттау кезінде оларды еркін сауда тәртібінен

алып тастауға жататын тауарлардың

Тізбесі

 

     Тауардың аты                             СЭҚ ТН-ның коды
     Табиғи бал                                     0409
     Картоп                                         0701
     Мақталық тұқым (егіс үшін),                  120720100
     басқа тұқымдар                               1207209100
     Мақта линті                                  140420000
     Өсімдік майы                             1507, 1512, 1516
     Қант                                         1701, 1702
     Майлық дақылдардан жем, ұн және         2304, 2306, 230990
     сықпа жем және өсімдік майы
     тұнбасының басқа қалдықтары
     (мақталық тұқымдарды қоса алғанда)
     Күкірт қышқылы                                2807
     Дәрілік мақта, дәке, бинттер және             3005
     соған ұқсас (медициналық)
     бұйымдар
     Минералдық немесе химиялық, азот          3102, 3103
     немесе фосфор тыңайытқыштары
     Лактар, сырлар және пигменттер            3203-3210
     Тері, иленбеген тері шикізаты          4101-4103, 4104
                                            4106,4108, 4109
     Табиғи және жасанды тері               4301, 4302
     Қағаз және қатырма қағаз, қағаз        4801, 4803, 4806
     массасынан және қатырма қағаздан       4809, 4812, 4813
     жасалған бұйымдар                      4816, 4818, 4820
     Мақта талшығы және мақта               5201, 5202, 5203
     қалдықтары
     Дәрілік мақта, түбіт және тоқыма       560121, 560130
     тозаңы, түйіншіктер
     Асыл және жартылай асыл тастар,        7103, 7104, 7106
     бағалы металдар                        7107, 7108, 7109
                                            7110, 7111, 7112
     Мыстан жасалған бұйымдар, мыс          7405,7409, 7413-7419,
     қалдықтары мен сынықтары                      7404
     Алюминийдің қайта қорытпасы               760120900
     Алюминийден жасалған бұйымдар,          7603-7614,7615
     асхана бұйымдары, асүйлік және өзге      7616, 7602
     бұйымдар (күюге қарсы қабатталған
     ыдыстардан басқа), алюминий
     қалдықтары мен сынықтары
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами