«2006 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы» IІІ сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының XХ сессиясының
2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 202 шешімі
(2006.27.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ІІІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
IІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының XХІ сессиясының 2006.16.01. № 221; 2006.28.02. № 227; XXII сессиясының 2006.15.03. № 240 (бұр.ред.қара); XXIII сессиясының 2006.15.05. № 244 (бұр. ред. қара); 2006.26.07. № 259 (бұр. ред. қара); XXIV сессиясының 2006.26.09. № 265 (бұр. ред. қара); XXV сессиясының 2006.27.10. № 281 (бұр. ред. қара) шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Алматы қаласының 2006 жылға арналған бюджеті № 1 қосымшаға сәйкес мынадай мөлшерде бекітілсін:
1) кірістер - 149 628 101 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 99 753 369 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 591 326 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер -16 039 939 мың теңге;
республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттердің түсімі - 32 243 467 мың теңге;
2) шығындар -156 602 579 мың теңге;
3) операциялық сальдо - - 6 974 478 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - - 2 084 500 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 084 500 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 372 866 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу -910 866 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер - 538 000 мың теңге;
6) бюджет тапшылығы - - 5 262 844 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 5 262 844 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 6 194 900 мың теңге;
қарызды өтеу - 2 324 316 мың теңге;
бюджеттік қаражат қалдықтарының айналысы - 1 392 260 мың теңге.
2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен түсімдер есебінен құралады деп белгіленсін:
- жеке табыс салығынан;
- әлеуметтік салықтан;
- заңды және жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салықтардан;
- жер салығынан;
- бірыңғай жер салығынан;
- заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтардан;