Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша
көзделген қаражатты пайдалану ережесін және өкiлдiк шығындардың
нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 20 наурыздағы № 281 қаулысы
(2005.12.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi;
2) өкiлдiк шығындардың нормалары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2003 жылғы 20 наурыздағы
№ 281 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы
бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдаланудың тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 (бұр. ред. қара); 2005.12.08 № 835 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Өкiлдiк шығындар - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi шетелдiк делегацияларды қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми iс-шаралар өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң шетелдiк сапарлары кезіндегi өкiлдiк мақсаттарға бөлінетін қаражат.
Өкiлдiк шығындарға: