Введите номер документа
Прайс-лист

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1276 Қаулысы (2007.19.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 23 декабря 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 августа 2007

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен
тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау
 кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1276 Қаулысы

(2007.19.03. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2007.18.07. № 606 Қаулысымен күші жойылды

 

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:

реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызмет.».

3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2006 жылғы

23 желтоқсандағы

№ 1276 қаулысымен

 Бекітілген

 

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен

тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде

қойылатын біліктілік талаптары

 

1. Біліктілік талаптары тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру бойынша лицензия алуға үміткер заңды тұлғаларға қолданылады.

2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына үміткер заңды тұлғалар мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

1) бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрі басылған тиісті салық органының

белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасымен расталатын, алдыңғы қаржы жылына және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру бойынша лицензия алуға өтінімдер беру күнінің алдындағы салық есептілігі кезеңі ішінде бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы;

ҚР Үкіметінің 2007.19.03. № 208 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) лицензия алған кезде осындай шарттар болған жағдайда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың орындалмаған шарттары бойынша тартылған ақшаның кемінде 12 пайызы көлемінде жеке капиталының болуы;

3) құрылыс объектісін салудың аяқталған нөлдік циклының болуы;

4) оны тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдалануға рұқсаты бар өзіне меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесінің болуы;

5) кезеңдер бойынша құрылысқа арналған рұқсаттың болуы;

6) ҚР Үкіметінің 2007.19.03. № 208 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2007.19.03. № 208 Қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

7) тиісті жоғары білімі мен мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажы немесе тиісті орта арнаулы білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техникалық қызметкерлер мен жауапты орындаушылар штатының болуы лицензия алуға үміткер заңды тұлғада және/немесе бас мердігерде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом