Экспорт режимінде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан
тауарлар әкету фактін кеден органдарының растауы туралы мәліметтер
нысаны мен оларды тапсыру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің
2007 жылғы 12 қаңтардағы № 19 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 163 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес экспорт режимінде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету фактісін кеден органдарының растауы туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.
2. Салық органдары осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша мәліметтерді тапсыру туралы тиісті аумақтық кеден органдарына қосылған құн салығын қайтарып алу туралы салық төлеушілердің өтініштері бойынша салық тексерулерін басталған күннен 3 жұмыс күні ішінде жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Аумақтық кеден органдары осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша мәліметтерді сауал салуларды алған күннен 15 жұмыс күні ішінде тиісті салық органдарына тапсырсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А.М. Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Г.Ә. Смағұлова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті төрағасының м.а. | |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігінің
Төрағасы
2007 жылғы 10 қаңтар