VI қысқы Азия ойындарына Алматы қаласы делегациясын іссапарға жіберу туралы
Алматы қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы № 1/116 қаулысы
Чангчун қаласында өтетін (Қытай) VI қысқы Азия ойындарынан тәжірибе жинақтау, сондай-ақ келесі VII қысқы Азия ойындары өтетін Алматы қаласын ресми түрде таныстыру мақсатында Алматы қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшадағы Чангчун қаласында өтетін (Қытай) VI қысқы Азия ойындарын өткізу бағдарламасындағы салтанатты ашылу және жабылу рәсіміне қатысатын Алматы қаласының делегация мүшелерінің құрамы (бұдан әрі - делегация) бекітілсін.
2. Делегация мүшелері Чангчун қаласында өтетін (Қытай) VI қысқы Азия ойындары бағдарламасына қатысу мақсатында іссапарға жіберілсін.
3. Алматы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы (Н.Ф. Нуров) делегация мүшелерінің іссапарлық және іс-шараларды ұйымдастыру шығындарын «Республикалық маңызды қала, астана деңгейінде спорттық жарыстарды өткізу» бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. А. Бүкеновке жүктелсін.
Алматы қаласы әкімі | И. Тасмағамбетов |
Әкімдік хатшысы | К. Тәжиева |
Алматы қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 24 қаңтардағы № 1/116
қаулысына қосымша
Чангчун қаласында (Қытай) өтетін
VI қысқы Азия ойындарына қатысатын делегация мүшелерінің
Тізімі
№ | Аты-жөні | Қызметі |
1 | Сейдуманов С.Т. | Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
2 | Мұқашев Т.Т. | Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
3. | Бөлекбаев В.Е. | Алматы қаласы мәслихат депутаты |
4 | Сұлтанмұратов Ж. | Әкім кеңесшісі |
5. | Нуров Н.Ф. | Алматы қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы |
6. | Нысанбаев Ш.Е. | Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы департаменті директорының орынбасары |
7. | Балаева А.Г. | Алматы қалалық ішкі саясат департаментінің директоры |