Төлемдер мөлшерлемелерін бекіту туралы
IІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XІІІ сессиясының 2001 жылғы 5 желтоқсандағы шешімі
(2008.22.12. берілген өзгерістерімен)
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХVIII сессиясының 2011 жылғы 20 қазандағы № 476 шешімімен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 373 бабының 2 тармағына, 394 бабына сәйкес және Алматы қаласы Әкімінің ұсынысы бойынша II сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
1. Ауық-ауық көрсетілетін кәсіпкерлік қызметтерге бір жолғы талонның негізінде салық мөлшерлемелері бекітілсін (№ 1 қосымша).
2. Төмендегі қызметтерге көрсететін жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына, өкілдіктеріне және басқа да оқшауланған құрылымдарға кесімді жиынтық салық мөлшерлемелері бекітілсін (№ 2 қосымша):
1) ойын бизнесі;
2) ақшалай ұтыс бермейтін ойын автоматтары;
3) боулинг (кегельбан);
4) картинг;
5) бильярд;
6) лото ойынын ұйымдастыру.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау экономика және өндірісті дамыту жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияға (А.И. Шелипанов), Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасына (Б.У. Қалижанов) жүктелсін.
II сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының
| XIII сессиясының төрағасы | Қ. Абдрахманов |
ІІ сайланған Алматы
қалалық Мәслихатының