Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Yкіметінің өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 ақпандағы № 90 Қаулысы (2007.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датачетверг, 8 февраля 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 1 февраля 2008

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу
және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Yкіметінің өкілдері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 ақпандағы № 90 Қаулысы

(2007.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1272 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

ҚР Үкіметінің 2007.27.08. № 739 (бұр.ред.қара); 2007.24.12. № 1272 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын.

2. Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.

3. ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1272 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2007 жылғы

8 ақпандағы № 90 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған

кейбір шешімдерінің тізбесi

 

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері және Басқарушылар Кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 2 шілдедегі № 643 қаулысы.

2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері және Басқарушылар Кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 418 қаулысы.

3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 523 қаулысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом