«Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсету тәртібі туралы және құқықтық көмек сұрап шет ел мемлекеттерінің соттарына өтініш жасау тәртібі туралы» уақытша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2006 жылғы 23 тамыздағы № 170 өкімі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы «2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 1453 қаулысын іске асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек корсету тәртібі туралы және құқықтық көмек сұрап шет ел мемлекеттерінің соттарына өтініш жасау тәртібі туралы» уақытша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет осы өкімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Нұсқаулық Жоғарғы Соттың Бюллетенінде жариялансын және Жоғарғы Соттың WEB-сайтына орналастырылсын.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Жоғарғы Сот Аппаратының ұйымдастыру-талдау бөліміне жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2006 жылғы 23 тамыздағы
№ 170 өкімімен
Бекітілген
«Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсету тәртібі туралы
және құқықтық көмек сұрап шетел мемлекеттерінің
соттарына өтініш жасау тәртібі туралы»
УАҚЫТША НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер