Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы № 83 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы № 83 Қаулысы

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды
қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы
№ 83 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:

1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын 20 шілдеге және 20 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

                                            Қазақстан Республикасы

                                                  Үкіметінің

                                             2007 жылғы 5 ақпандағы

                                                  № 83 қаулысымен

                                                       бекітілген

 

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен

оқытуды қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға

арналған іс-шаралар жоспары

 

Р/с

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар (млн. теңге)*

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету

мәселелеріндегі үйлестіруді жүзеге асыру

1.

Кеңес құрамына мүдделі аумақтық органдардың, ведомстволардың, ата-аналар коғамдастығының және ҮЕҰ-ның өкілдерін енгізе отырып, облыстар, Астана және Алматы қадалары әкімдерінің жанынан Мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңестерін құру

Әкімдіктердің қаулылары,

ҚР Білімминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007 жылғы 10 шілде

Талап етілмейді

  

2.

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, тәрбие мен оқыту жүйесінің жай-күйіне жыл сайын мониторинг жүргізу

ҚР Білімминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын 10 қаңтарға

Талап етілмейді

  

2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өңірлік жүйесін күшейту

3.

"Балабақшаға барамыз" атты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдаудың өңірлік жоспарларын әзірлеу

Әкімдіктердің қаулылары,

ҚР Білімминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2007 жылғы 10 шілде

Талап етілмейді

  

4.

Мектепке дейінгі ұйымдар салуды жүзеге асыру

Әкімдіктердіің қаулылары,

ҚР Білімминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 қаңтар, 10 шілде, 2008-2009 жылдар

9183,4 2008 ж. - 4073,2

2009 ж. - 5110,2

Жергілікті бюджеттер

5.

Мектепке дейінгі шағын орталықтарды, мектепке дейінгі жастағы балаларды түзеу оларға инклюзивтік білім беру кабинеттерін құру

Әкімдіктердің қаулылары,

ҚР Білімминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 қаңтар, 10 шілде, 2008-2009 жылдар

509,1 2008 ж. - 293,6

2009 ж. - 215,5

Жергілікті бюджеттер

6.

Бұрын жабылып қалған мектепке дейінгі ұйымдарды қалпына келтіру

Әкімдіктердің қаулылары,

ҚР Білімминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 қаңтар, 10 шілде, 2008-2009 жылдар

4588,2 4585,2 2008 ж. - 2874,4

2009 ж. - 1710,8

3,0 2008 ж. - 1,5

2009 ж. - 1,5

Жергілікті бюджеттер Жеке инвестициялар

7.

Балаларды ерте жастан дамыту

бағдарламаларын енгізу жөніндегі білім беру

ұйымдарының базасында ата-аналарға арналған консультация пункттерін, демалыс күнгі топтарды ашу

Әкімдіктердің қаулылары,

ҚР Білімминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 қаңтар, 10 шілде, 2008 -2009 жылдар

51,7 2008 ж. - 11,5

2009 ж. - 40,2

Жергілікті бюджеттер

8.

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды күрделі жөндеуді қамтамасыз ету

Әкімдіктердің қаулылары, ҚР Білімминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 қаңтар, 10 шілде, 2008-2009 жылдар

3106,8 2008 ж. - 1374,6

2009 ж. - 1732,2

Жергілікті бюджеттер

9.

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды компьютерлендіруді қамтамасыз ету

Әкімдіктердің қаулылары, ҚР Білімминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 қаңтар, 10 шілде, 2008 - 2009 жылдар

756,0 755,7 2008 ж. - 272,0

2009 ж. - 483,7

0,3

2008 ж. - 0,15

2009 ж. - 0,15

Жергілікті бюджеттер Жеке инвестициялар

10.

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерін оқу-көрнекі

құралдарымен қамтамасыз ету

Әкімдіктердің қаулылары, ҚР Білімминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 қаңтар, 10 шілде, 2008 -2009 жылдар

462,725 462,7 2008 ж. - 209,2

2009 ж. - 253,5

0,025

2008 ж. - 0,01

2009 ж. - 0,015

Жергілікті бюджеттер Жеке инвестициялар

11.

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды балалар жиһазымен, тамақтар блогы жабдығымен қамтамасыз ету

Әкімдіктердің қаулылары, ҚР Білімминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 қаңтар, 10 шілде, 2008 -2009 жылдар

1051,8 1050,4 2008 ж. - 451,0

2009 ж. - 599,4 1,4 2008 ж. - 0,6 2009 ж. - 0,8

Жергілікті бюджеттер

Жеке инвестициялар

12.

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды ойыншықтармен, ойын және дене шынықтыру

жабдығымен қамтамасыз ету

Әкімдіктердің қаулылары, ҚР Біліммйніне ақпарат

Облыстардың, Астана  және Алматы қалаларының әкімдері

10 қаңтар, 10 шілде, 2008 -2009 жылдар

719,9 715,2 2008 ж.- 325,2

2009 ж. - 390,0

4,7

2008 ж. - 2,9

2009 ж. - 1,8

Жергілікті бюджеттер Жеке инвестициялар

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің білім беру сапасын қамтамасыз ету

13.

"Мектепке дейінгі балалық шақ" өңірлік орталықтарын құру

Әкімдіктердің қаулылары, ҚР Білімминіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

10 қаңтар, 10 шілде, 2008-2009 жылдар

153,15

2008 ж. - 5,0

2009 ж. - 148,15

Жергілікті бюджеттер

14.

"Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту" индикаторын есептеу әдістемесін әзірлеу

Әдістемелік ұсынымдар

ҚР Біліммині ҚР Статистика агенттігі

2008 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

  

15.

Отбасылық балабақшалардың,«мектеп-балабақша» кешендерінің, мектепке дейінгі балаларды түзеу және оларға инклюзивтік білім беру кабинеттерінің,  ата-аналарға арналған консультация пункттерінің қызметін ұйымдастыру туралы үлгі ережелер әзірлеу

Бұйрық

ҚР Біліммині

2008 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

  

 

      Жиыны:

                        2007-2009      20582,775

                        жылдар

                                       2007 ж. - 0

                                       2008 ж. - 9894,86

                                       2009 ж. - 10687,915

                                       20573,35 Жергілікті бюджеттер

                                       2008 ж. - 9889,7

                                       2009 ж. - 10683,65

                                       9,425  Жеке инвестициялар

                                       2008 ж. - 5,16

                                       2009 ж. - 4,265 

 

Ескертпе:

* іс-шараларды қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді жоспарлаған кезде нақтыланатын болады.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚР Біліммині       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

                         министрлігі

      ҚР Статистика агенттігі  Қазақстан Республикасы Статистика

                         агенттігі

      ҮЕҰ                үкіметтік емес ұйымдар

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!