Введите номер документа
Прайс-лист

«Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шарашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 21 Бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 22 января 2007
Статус
Утратил силу

Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шарашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 21 Бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 556 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 19-баптарына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

Н. Хадыркеев

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман және аңшылық шаруашылығы

комитеті төрағасының 2007 жылғы

22 қаңтардағы № 21 бұйрығымен

Бекітілген

 

Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін

әзірлеу және пайдалану ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтардың (бұдан әрі - табиғат қорғау мекемесі) рәміздерін әзірлеу және пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Бейнесін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітетін табиғат қорғау мекемесінің эмблемасы мен жалауы оның рәміздері (бұдан әрі - рәміздер) болып табылады.

3. Рәміздерді әзірлеу кезінде мынадай негізгі талаптар сақталады:

эмблемада табиғат қорғау мекемесінің табиғи және/немесе тарихи-мәдени кешендері мен объектілерінің тән ерекшеліктерін көрсететін сөздік, бейнелік және/немесе көлемдік белгілер не олардың аралас үлгілері бейнеленеді, сондай-ақ оның мемлекеттік тілдегі атауы жазылады;

жалау мемлекеттік табиғат қорғау мекемесінің эмблемасы мен мемлекеттік тілдегі толық атауы орналасатын мата түрінде болады. Жалау енінің оның ұзындығына ара-қатынасы - 1:2.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом