Жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта
жаңартуға арналған энергия беруші ұйымның шығындарын қайтарымды негізде өтеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2007 жылғы 21 ақпандағы № 54-НҚ Бұйрығы
(2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 286-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы № 1044 қаулысымен бекітілген Электр энергетикасы қондырғылары объектілерін қайта жаңарту мен кеңейту үшін қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесінің 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желілерін кеңейтуге және жаңартуға арналған энергия беруші ұйымның шығындарын қайтарымды негізде өтеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша басқармалары Жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта жаңартуға арналған энергия беруші ұйымның шығындарын қайтарымды негізде өтеу ережесіне сәйкес қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы төлеген тұтынушыларға табиғи монополиялар субъектілерінің қаражаттарды қайтаруын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В.Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;