Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы объектілерін анықтау, құру,
аттестациялау және есепке алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының
2007 жылғы 30 қаңтардағы № 39 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 784 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 77-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы объектілерін анықтау, құру, аттестациялау және есепке алу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитеті төрағасының
2007 жылғы 30 қаңтардағы
№ 39 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым
шаруашылығы объектілерін анықтау, құру, аттестациялау
және есепке алу ережесі
1. Негізгі ережелер
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы объектілерін анықтау, құру, аттестациялау және есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) тұрақты орман тұқымдары базасын (бұдан әрі - ТОТБ) қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды регламенттеу және ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін құнды мұрагерлік қасиеттері бар және себу сапасы жоғары орман тұқымдары мен қалемшелік материал алу мақсатында Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 77-бабына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) климатқа бейімдеу - таралымның ортаның жаңа жағдайларына бейімделуі табиғи немесе жасанды сұрыптау негізінде генетикалық ілгерілеушіліктің нәтижесінде болатын өсімдіктерді жерсіндіру нысандарының бірі;