Ақтөбе қаласы бойынша қоғамдық жұмыс түрлерін бекіту және оларды ұйымдастыру туралы
Ақтөбе қалалық әкімиятының 2007 жылғы 2 ақпандағы № 269 қаулысы
Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәіурдегі № 1040 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, қоса берілген қоғамдық жұмыстың көлемі мен түрлері, қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізімі бекітілсін (№ 1 қосымша).
2. «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н. Х. Бөртебаева) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін. Қоғамдық жұмысқа қатынасушы тұлғаның еңбек ақысы ҚР заңнамасында белгіленген төменгі еңбек ақы есебімен нақты атқарған жұмысына байланысты төленіп, жұмыссыздардың банкілердегі жеке есеп шоттарына аударылсын.
3. «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р. А. Айдашева) 451-002-100 «Қоғамдық жұмыстар» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын.