Введите номер документа
Прайс-лист

«Су тасқыны қаупі кезеңіне дайындық жөніндегі 2007 жылға арналған іс-шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 41 қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 28 февраля 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 28 февраля 2007

«Су тасқыны қаупі кезеңіне дайындық жөніндегі 2007 жылға арналған іс-шаралар туралы»
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 41 қаулысы

 

Гидрометеорология орталығының мәліметі бойынша Шығыс Қазақстан облысы аумағының жазық жерлер бөлігінде қар қорының үлесі: Шемонаиха ауданы бойынша - 7%, Көкпекті ауданы бойынша Көкпекті ауылында - 7%, Күршім ауданы бойынша Күршім ауылында - 18%, Зайсан ауданы бойынша - 41%, Тарбағатай ауданы бойынша Ақжар ауылында - 29% нормадан артық. Облыстың басқа аудандарында қардағы су қоры нормаға жуық.

Қара Ертіс, Қалжыр, Күршім өзендерінің су ағынын қалыптастыратын аймағының таулы бөлігі мен олардың салаларында қардағы су қоры нормадан - 28% кем, Бұқтырма, Тұрғысын өзендерінде және олардың салаларының солтүстік беткейінде 36%, оңтүстік беткейінде 45% нормадан кем, Үлбі, Уба өзендерінің су ағынын қалыптастыратын аймағы мен олардың салаларында қардағы су қоры солтүстік беткейде 36%, оңтүстік беткейде 16% нормадан кем, Алакөл көлінің аймағында қардағы су қоры нормадан 49% кем, Зайсан көлінің оңтүстік аймағында - 13% нормадан кем. Қар қорының қарқынды еруі барысында су деңгейінің күрт көтерілуі және өзендердің тасуы мүмкін. Тиісті шаралар қабылданбаған жағдайда елді мекендер, кәсіпорындар, әлеуметтік мақсаттағы нысандар, жолдар, көпірлер, тау-кен кәсіпорындарының қалдықсақтауыштары, жасанды бөгендер және шағын су қоймалары қауіпті жағдайларда қалуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2 тармағына және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес, көктемгі су тасқыны мен қар көшкінінен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыс экономикасына келетін зиянды азайту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Cу тасқынына қарсы іс-шаралардың қоса беріліп отырған 2007 жылға арналған жоспары бекітілсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами