2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының XXIV сессиясының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 364 шешімі
(2007.16.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қарағанды облыстық мәслихатының 2007.05.07. № 458 шешімімен мәтін өзгертілді
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облыстық мәслихатының XXV сессиясының 2006.28.12. № 395 (2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді); 2007.29.03. № 403 ; 2007.05.07. № 458 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді; Қарағанды облыстық мәслихатының II сессиясының 2007.16.10. № 28 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2007 жылға арналған облыстық бюджет осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 65 149 342 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері - 22 051 338 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 311 646 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 42 786 358 мың теңге;
2) шығындар - 65671579 мың теңге;
3) операциялық сальдо - алу 522 237 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - алу 465 533 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 800481 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 266 014 мың теңге;
5) қаржылық активтермен операция бойынша сальдо - 264 500 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді алу - 264 500 мың теңге;
6) бюджеттің дефициті - алу 321 204 мың теңге;
7) бюджет дефицитін қаржыландыру - 321 204 мың теңге.
Қарағанды облыстық мәслихатының XXV сессиясының 2006.28.12. № 395 (2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді); 2007.05.07. № 458 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 2-тармақ өзгертілді; Қарағанды облыстық мәслихатының II сессиясының 2007.16.10. № 28 шешімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. 2007 жылға арналған облыстық бюджет кірістерінің құрамында республикалық бюджеттен 22 524 277 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде: