Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Президентінің Жарлығы (2025.25.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датапятница, 13 апреля 2007
Статус
Действующийвведен в действие с 13 апреля 2007
Дата последнего измененияпятница, 25 апреля 2025

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы

(2025.25.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 331 Қаулысын қара

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ел экономикасының бәсекеге кабілетілігі мен тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі — Мемлекеттік комиссия) құрылсын.

ҚР Президентінің 2011.22.12. № 204 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2014.06.08. № 888 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қоса беріліп отырған:

1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;

2) Мемлекеттік комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы 4-тоқсанда «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлесін және Қазакстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2007жылғы сәуірдің 13-і.

 

№ 314

 

ҚР Президентінің 2012.03.10. № 401 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2007 жылғы 13 сәуірдегі

№ 314 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту
мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом