Жамбыл облысы бойынша 2007 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2007 жылғы 30 наурыздағы № 22-5 шешімі
Жамбыл облысы мәслихатының 2008 жылғы 8 ақпандағы № 4-3 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 462 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қантардағы «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Кодексінің 19 бабы 6 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 4 қазандағы № 295-ө «Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлемдердің базалық ставкаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4443 болып тіркелген бұйрығының негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысы бойынша 2007 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.