Алматы қаласы коммуналдық меншігінің кейбір мәселелері туралы
Алматы қаласының әкімдігінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 3/504 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және Алматы қаласы аумағының санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті (В.Н.Устюгов) берсін, Алматы қаласы қаржы департаменті (А.Н.Әбдіқадырова) белгіленген заңнама тәртібінде Алматы қаласының коммуналдық меншігіне осы қаулының 1 қосымшасына және 2 қосымшасына сәйкес мүлікті қабылдап алсын.
2. Алматы қаласы қаржы департаменті белгіленген заңнама тәртібінде:
1) Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің келісімі бойынша мүлікті қайтарымсыз уақытша пайдалануға осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес тұрғындар тіректерінің тазалыгын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік сатып алулар жөніндегі конкурстың жеңімпаздарына (бұдан әрі мәтін бойынша конкурс жеңімпаздары) бір қаржы жылы мерзіміне конкурс жеңімпазының есебінен мезгілсіз қаза болу мен бұзылуынан сақтандыру шартына сәйкес берсін;