Павлодар қаласының шекарасын өзгерту туралы
Павлодар облыстық мәслихаты мен Павлодар облысы әкімиятының
(III сайланған XXIV сессия) 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 27/24 шешімі мен қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы 11-бабының 2 тармағына, облыс әкімдігінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 58/3 қаулысына сәйкес, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы шешімнің қосымшасына сәйкес әзірленген жер-шаруашылық құрылысының жобасы негізінде бұрын Павлодар ауданының және Ақсу қаласының ауылдық аумағында орналасқан 24673 га жер Павлодар қаласының шекарасына қосылсын.
2. Облыс бойынша тілдерді дамыту басқармасы осы мәселені Қазақстан Республикасының үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының қарауына енгізсін.