Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 19.05.03 Ж. № 460 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 19 мамырдағы № 460 қаулысы

 

Осы редакция 2007 ж. 8 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ереже бекітілсін.

2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 19 мамырдағы

№ 460 қаулысымен

бекітілген

Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және ғылыми ұйымдарды аттестаттау мәселелерін реттейді.

2. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау олардың негізгі қызметінің тиімділігін анықтау және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану, осы негізде олардың желілері мен құрылымдарын ретке келтіру, ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі жұмыстың тиімділігін бағалау үшін жүзеге асырылады.

3. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау кезінде мынадай көрсеткіштер бағалауға ұшырайды:

1) ғылыми, ғылыми-техникалық және қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері;

2) әкімшілік-басқару персоналының қызметі;

3) материалдық-техникалық және әлеуметтік қамтамасыз етілу;

4) кадр әлеуеті мен ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау;

5) ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі жұмыстың жай-күйі.

4. Ғылыми ұйымдарды аттестаттау ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің бағыттарын ескере отырып, олардың құрылымдық бөлімшелері, филиалдары бойынша жүзеге асырылады.

5. Ғылыми ұйымдар кемінде бес жылда бір рет аттестаттауға жатады.

2. Аттестаттауды өткізу тәртібі

6. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі - Уәкілетті мемлекеттік орган) ғылыми ұйымдарды аттестаттауды өткізуді ұйымдастырады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом