«Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 388 шешімі
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 8 желтоқсандапы № 378 «Қостанай облысының 2006 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3557, 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 «Қостанай таңы», 2006 жылғы 27 желтоқсандағы № 178 «Костанайские новости») шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті мынадай көлемдерде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:
1) кірістер - 40 062 697 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 365 730 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 152 138 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 11 131 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 38 533 698 мың теңге;
2) шығындар - 40 793 360 мың теңге;
3) операциялық сальдо - - 730 663 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - -346 314 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 028 671 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 374 985 мың теңге;
6) тапшылық (профицит) - -384 349 мың теңге;
7) тапшылықты қаржыландыру (профицитті пайдалану) - -185 730 мың теңге»;
шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3, 2-4, 2-5, 2-6, 2-7, 2-8, 2-9, 2-10, 2-11, 2-12, 2-13, 2-14 тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. 2007 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің 909 257 мың теңге сомасында түсуі ескерілсін, оның ішінде:
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орындарында оқитын студенттердің стипендияларын төлеуге - 107 964 мың теңге;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орындарында оқып жатқандар үшін жол жүруге өтемақы төлеуге - 17 756 мың теңге;